Қайғылы оқиға 7 қараша күні болған
Екібастұзда жұмысшының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Екібастұз қаласының полиция басқармасы еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, 7 қарашада сағат 03:00-де ЖШС жүргізушісі разрездің ЖШС аумағында «Daimler Chrysler» маркалы автомашинаны тексеру кезінде автокөліктің кабинасы басып қалған.