Қайғылы оқиға Омбы-Майқапшағай автожолында болған
Павлодар облысында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға Омбы-Майқапшағай автожолының 340 км-де болды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада сағат 19:00-де «Scania» маркалы автомашинаның жүргізушісі жол бөлігін белгіленбеген жерден өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция тексеру жүргізуде, қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді департаментте.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.