Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды
«Қазпошта» АҚ ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, компанияның өңірлік филиалдарының бірінен ірі заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметкерлер 2019-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын қаржылай заңбұзушылыққа жол берген.
Тексеру материалдары процессуалды шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ залал келтірілген соманы өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
«Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - делінген хабарламада.
Аталған баптың санкциясы негізінде күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.