Күдікті анықталды: Қарағанды облысында жоғалып кеткен азамат өлі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам 24 қазанда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған

Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында іс-түссіз жоғалып кеткендер санатында болған азаматтың өліміне қатысты күдікті анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы, Осакаров аудандық полиция бөліміне 49 жастағы азамат арызданып, өзімен бірге тұратын 47 жастағы азаматтың іс-түссіз жоғалып кеткендігін хабарлаған.

Азамат 24 қазанда үйінен шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз болған.

«6 қарашада полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан тұрғыны анықталып, оның үйіне жапсарлас құрылысты тексеру барысында жоғалып кеткен азаматтың дене жарақаттары бар мәйіті табылды. Оқиға орнынан тергеу кезінде қажетті дәлелдемелер алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.