Қызылордада жол апаты кезінде бір әйел мерт болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Полицейлер оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Фото: Polisia.kz

Қызылордада жол апатынан бір адам көз жұмды. Полицейлер жол апаты бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

6 қазан күні сағат 18:30 шамасында Қызылорда қаласы Ж.Махамбетов ауылының тұсында Самара – Шымкент автомагистральды тас жолында белгіленбеген жерді кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні SCANIA жүк автокөлігі қаққан. Салдарынан 32 жастағы азаматша оқиға орнында көз жұмды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.