Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды
Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция хабарлауынша, қайғылы оқиға Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек-Көктал автожолының 93 шақырымында болды.
«21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы әйел қаза тапты», - делінген хабарламада.
Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.