Полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр
Шымкентте ер адамды көшеде ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
OTYRAR жазуынша, оқиға 26 қыркүйекте кешкі сағат 17:00 шамасында болған.
«Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам 54 жастағы тұрғынға көшеде шабуыл жасап, басынан аяусыз тепкілеген. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, ол уақытта жәбірленуші қайтыс болып кеткен болатын», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полицейлер кісі өлтіріп, оқиға орнынан қашып үлгерген күдіктіні іздестіріп жатыр.