Жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған екі күдікті ұсталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Олардың бірнеше рет тұрмыстық техникаларды ұрлағаны анықталды

Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы 1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Бұл жөнінде көліктегі полиция департаметінің бастығы Бақытжан Малыбаев хабарлады. 

"Күдіктілердің, алдын ала сөз байласу арқылы Жетіген станциясында ҚХР – Алматы бағыты бойынша қатынайтын жүк вагондарынан бірнеше рет тұрмыстық техникаларды ұрлағандары анықталды (аквариумға арналған жабдық – 43 дана, 14 кондиционер, 114 су жылытқыш, 63 электр плита)", - деп мәлімдеді Б. Малыбаев. 

Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттердің салдарынан жекеменшік компанияларға 9 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген. Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді жүргізген іс-шараларының арқасында жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелген. Сондай-ақ ведомства басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Алматы 1 станциясындағы ЖПБ қызметкерлерімен Қылмыстык кодекстің 188-бабтың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.