Теміртауда жастардан құралған қылмыстық топ қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

8 күдікті қамауға алынды

Видеодан кадр

Теміртауда жастардан құралған қылмысты топ қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағанды облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында облыстың жедел ахуалына кері әсерін тигізіп, құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобының іс-әрекетіне нүкте қойылды.

Жүргізілген кешенді жедел жұмыстар барысында фигуранттардың қылмысқа қатыстылығы дәлелденіп, олардың қоғамдық орындарда жасаған қылмыстары бойынша дәлелдемелер жинақталды.

«Қылмыстық топтарды ұстау барысында 21 тінту жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ-дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, оның негізгі деген 8 күдіктісіне қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау бабтарымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.