Ақмола облысында ірі есірткі зертханасы жойылды – ҰҚК

Автор: Мира Байбек

Күдіктілер қамауға алынды

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен әрекеттесе Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство мәліметінше, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды.

«Тінту кезінде 40 кг синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып тәркіленді», - делінген хабарламада.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҰҚК өкілдері өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтынын ескертті.