Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Өскеменде көршісі алаяқтық жолмен зейнеткердің атына несие рәсімдеген. Залал сомасы 800 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны көршісіне тұрмыстық несие рәсімдеген.
«Зейнеткер көршісіне онлайн несие рәсімдеу бойынша көмек сұрап жүгінген. Тергеу мәліметтері бойынша, көмек қолын созған көршісі бірнеше операция жасап, соңында банктің несиені мақұлдамағанын айтқан», -деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бір жарым жылдан кейін зейнеткер оның атына тұрмыстық несие мақұлданғанын білді. Ал 800 000 теңгеден астам сомаға қарыз есебінен сатып алынған техника күдіктінің үйіне жеткізілген. Алаяқтыққа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.