Оқиға орнына 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 20 адам аттанды
Екібастұзда монша кешенінен өрт шықты. Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі млім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
19 қазанда сағат 02:57-де шұғыл байланыс желісіне Екібастұз қаласында монша кешені отқа оранғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 20 адам аттанды.
«Бір қабатты кірпіштен жасалған «Оазис» монша кешенінде шатырдың ағаш конструкциялары, 1-ші және 2-ші қанатындағы бу бөлмесі мен демалыс бөлмелерінде, сондай-ақ жалпы ауданы 297 шаршы метрді құрайтын ішкі қаптамалар мен жиһаздар отқа оранғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер өртті сағат 04:02-де ауыздықтап, 04:42-де толығымен сөндірді.