32 жастағы тұрғынды медициналық мекемеге жеткізді
Петропавл полицейлері көпірден өзенге құлап кеткен қала тұрғынына көмек көрсетті, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.
Полицияның мәліметінше, 18 қазанда сағат 22:30 шамасында полицияға Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің жанындағы суда жағаға шыға алмай жатқан әйел туралы қоңырау келіп түскен.
Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары жіберілді, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылды. Судан қараңғыда әйел адамның айқайы естілген.
«Әйелді табу оңайға соққан жоқ. Ол қараңғыда бағытты жоғалтып, жағадан алыстап, қамыс баурайында қалып қойған шығар деп ойладық. Жағадағы және көпірдегі қызметкерлер мен қала тұрғындары мені бағдарлап отырды. Шамның жарығын көрген әйелдің өзі маған қарай жүруге тырысты, бірақ орнынан қозғала алмады», - дейді ол.
Келіп жеткен жедел жәрдем арбасы тоңып қалған 32 жастағы тұрғынды медициналық мекемеге жеткізді.