Өрттің шығу себебі анықталуда
Ақтауда пәтердің балконы өртеніп, 4 адам құтқарылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, бүгін сағат 17:28-де Ақтаудағы 8 ықшамаудандағы №19 үйдің 3-қабатындағы пәтердің 8 шаршы метр балконы өртенген.
«4 адам, оның ішінде 2 бала баспалдақ бойымен эвакуацияланды. Сағат 17:44-те өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Құтқару жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің 10 қызметкері, 3 техникалық бірлік, 3 жұмысшы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.