Ол кінәсін мойындады
Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен павлодарлық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Осакаровка – Молодежный тасжолында Молодежный ауылынан алты шақырым жерде болған.
«Көлік жүргізушісі ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. 40 жастағы ауыл тұрғыны алған жарақатынан есін жимай көз жұмды», - делінген хабарламада.
Жедел-тергеу тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған жерден бампер сынықтары мен көлік белгісін тапты. Облыстық ПД криминалдық полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні – Павлодар облысының 45 жастағы тұрғынын ұстады.
«Жүргізуші кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ол көлікпен Осакаровка ауылына қарай келе жатып, жәбірленушіні қағып кеткен», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» және ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.