Қарағанды облысында автобус пен жеңіл көлік апатынан екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға Қарағанды – Молодежный тасжолында болған

Видеодан кадр

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 қазанда Қарағанды – Молодежный тасжолында болған.

«Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata көлігі мен Neoplan автобусы соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.