Денесі бағанда ілініп қалған: Алматыда жұмысшы тоқ соғып қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Фото: pixabay.com

Алматыда электр бағанында жұмыс істеп жатқан жұмысшы тоқ соғып қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Қайғылы оқиға «Атмосфера» тұрғын үй кешенінде болған. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жұмысшының қажетті құрал-жабдықтары болмаған. Тоқ қуатының қатты болғаны сонша, жұмысшының денесі бағанда жабысып қалған.

Аталған оқиғаға қатысты Түрксіб аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық, тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталып жатыр», - делінген қалалық ПД хабарламасында.