«Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Мемлекет басшысының Ақмола облысы Щучинск қаласының 19 жастағы тұрғынының өлімін жан-жақты тергеу бойынша берілген тапсырмасымен ІІМ орталық аппараты мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін 6 қазаннан 7-не қараған түні Щучинск қаласындағы теміржол жолдарынан Жоғары техникалық колледждің төртінші курс студентінің мәйіті табылды.
Полицияның мәліметінше, оның денесі Бурабай-Жамантұз курорты аралығындағы теміржол жолдарынан табылған.
«Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды», - делінген Ақорданың ресми мәлімдемесінде.
Қосымша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу), сондай-ақ қаза тапқан адамның туыстарының одан ақша бопсаланды деген арызымен ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу қозғалды.
«Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.