Петропавлда іздеуде болған жас жігіт өлі күйінде табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған туыстары іздеу жариялаған болатын

Петропавлда полицейлер іздеуде болған жас жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Петропавл.news-ке сілтеме жасап.

9 қазан күні сағат 17:08-де Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» пультіне Қазақстан Конституциясы көшесі мекенжайындағы ғимараттардың бірінің маңында ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Қайтыс болған адамның 9 қазанда туыстары «хабар-ошарсыз кетті» деп жариялаған облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы келді, полицейлер оқиғаның мән-жайы мен егжей-тегжейін анықтауда», - делінген хабарламада.