Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады
Шымкентте жасөспірім пойыз вагонына көтеріле берген кезінде тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Тұран ауданының Тургенев көшесінде «Қорғасын» теміржол станциясының жанында жазатайым оқиға болғаны туралы хабарланды.
2008 жылы туған жасөспірім жарақатына байланысты 2 дәрежелі дене күйігімен ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады.