Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр
Павлодарда екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция депаратментінің мәліметінше, 8 қазанда сағат 23:00-де Ак.Сәтбаев-Кривенко көшелерінің қиылысында BMW 520 және Toyota Camry маркалы көліктер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан екі адам зардап шекті.
«Аталған факті тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Автөкөліктер айып тұрағына қойылды», – деді департаментте.
Облыстық жедел жәрдем қызметінің бригадасы оқиға орнына сегіз минутта жетті. Зардап шеккен жолаушылардың бірі - 19 жастағы жігіт №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.