Шымкентте сегіз жасар баланы көлік қағып өлтірді

Автор: Мира Байбек

Оқушы жолды жол ережесіне сәйкес кесіп өткен

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте сегіз жасар баланы көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оtyrar.kz жазуынша, қайғылы оқиға 7 қазанда кешкі сағарт 20.00 шамасында болған.

«Арғынбеков көшесінде BMW жүргізушісі баланы басып кеткен. Оқушы жаяу жүргіншілер өткелінде жол ережесіне сәйкес жолды кесіп өткен. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Жүргізуші 40 жастағы ер адам болған. Полицейлер жүргізушінің мас болғанын немесе баланы байқамай қалғанын анықтап жатыр.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.