Қарағандыда үш жасар бала сауда орталығындағы эскалаторға қолын қысып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Көмекке ТЖД қызметкерлері келді

Қарағандыдағы сауда орталықтардың бірінде үш жасар бала эскалаторға қолын қысып алды. Баланы босату үшін құтқарушылар тобы көмекке шақырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Сәбидің қолы эскалатордың механизміне қыстырылып қалған. ТЖ департаментінің құтқарушылары сағат 11:48-де шақырту алған.

«Бұл Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. Баланың қолын босату үшін құтқарушылар арнайы құралды пайдаланды. Бала құтқарылды. Зардап шеккен бүлдіршін дәрігерлер бригадасына тапсырылды», - деді Қарағанды облысы ТЖД.