Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды
Жетісу облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған. Алматы - Өскемен тас жолында Mazda көлігін тізгіндеген 45 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Оқиға орнында 53 жастағы ер адам қайтыс болды.
Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.