Істің тергеуін облыстық ПД бастығы ерекше бақылауға алды
Алматы облысында полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция мәліметінше, 3 қазанда Балқаш ауданының тұрғыны бөлімшеге хабарласып, кішкентай қызына ауылдасының сесуалдық сипаттағы әрекеттер жасағанын хабарлаған.
«Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыс жасады деген күдікпен жедел қызметкерлер 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР Қылмысық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі және 121-баптың 4 - бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері).
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде, бұл қылмыстық фактіні шешуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 1981 жылғы жәбірленушінің апасы болып табылатын күдіктінің әйелі де қамаққа алынды», - деді Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.
Істің тергеуін Алматы облыстық ПД бастығы ерекше бақылауға алды.