Павлодарда балабақша маңында қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр

Автор: Аманалина Тоғжан

Оқиға куәгерлеріне іздеу салынды

Фото: tengrinews.kz

Павлодарда балабақша маңында қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде әйел адам № 43 және № 34 мектептердің аумағында қызына шабуыл жасалғаны жайлы жазған. 

«Лермонтов көшесі, 99 мекенжайы бойындағы балабақшаның қасында болған оқиғаның куәгерлерін іздестіреміз. Оған көмек көрсеткен ақ Land Cruiser мінген ер адам хабарлассаңыз», – деп жазды хаттың авторы. 

Облыстық полиция департаментінде аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасы Солтүстік бөлімшесінде тіркелгенін хабарлады. Ер адамды анықтау бойынша іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.