Құтқарылғандар медициналық көмек қажет етпеді
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасақ күштерімен үгіт-насихат шараларын өткізу кезінде «Шора» су каналы маңында жағаға жете алмаған 4 азаматты құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-сілтеме жасап.
1 қазан сағат 15:19-да Ақтаудан 25 шақырым жерде орналасқан «Шора» су каналында болған жағдайға 2 құтқарушы мен 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Нәтижесінде 1987 жылы туған 2 азамат пен 1994 жылғы тағы 2 адам құтқарылды. Олар желмен ашық теңізге 2 шақырым қашықтыққа алыстап, жағаға жете алмаған. Құтқарылғандар медициналық көмек қажет етпеді.