Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады», - делінген комитет хабарламасында.