Жетісу облысында 63 жастағы ер адам өз ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысында зейнеткер ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл факт Кербұлақ ауданында тіркелді, 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

«Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған», - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.