Олар жәбірленушілерді жалдамалы пәтерде ұстап, қысым көрсеткен
Ақтөбеде тұрғындардан ақша бопсалап жүргендер қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция мәліметінше, ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 25 жастағы екі жігітті ұстады.
«Олар қала тұрғындарынан 2 млн теңгеге жуық ақша қаражатын ашық түрде тартып алған және бопсалаумен айналысқан. Сонымен қатар күдіктілер екі 22 жастағы жәбірленушілерді жалдамалы пәтерде ұстап, қысым көрсетіп қорқытқан», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.