Павлодар - Астана автожолында жолаушылар автобусы жанып кетті

Автор: Аманалина Тоғжан

Автобуста жолаушылар болмаған

Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Павлодар - Астана автожолында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:50-де Павлодар - Астана автожолында Қалқаман кентінің маңында жолаушылар автобусы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.  

«Оқиға орнына жеке құрамнан үш адам және № 13 өрт сөндіру бөлімінен бір техника шықты. Жану аумағы 24 шаршы метрді құрады», – деді департаментте. 

Автобуста жолаушылар болмаған, жүргізуші зардап шеккен жоқ. 

Өрт сағат 11-07-де оқшауланып, сағат 11-14-де толық сөндірілді.