Жетісу облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды

Автор: Аманалина Тоғжан

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді

Фото: Telegram/police_of_kz

Жетісу облысының Ақсу ауданындағы Көлтабан – Матай тас жолында Mitsubishi Montero Sport көлігі жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кеткен.

"Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полицейлер қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуына не себеп болғанын анықтап жатыр.