Оның ошағы Алматыдан 368 шақырымда болған
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOME» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 22 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 07:38, 11 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 368 шақырым жерде болған.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9,4. Магнитудасы MPV: 4,9. Эпицентр координаттары: 46,09° солтүстік, 79,21° шығыс. Тереңдігі: 10 км», - делінген хабарламада.
Сілкініс сезілгені туралы хабарлама болған жоқ. Бұған дейін 19 қыркүйекте Алматы облысында жер сілкінісі болған еді.