$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақсу тұрғынынан екі центнерге жуық мөңке балығы тәркіленді

Сондай-ақ полицейлер Қытай өндірісіндегі төрт желі және резеңке үрлемелі қайық тәркіледі

Ақсу тұрғынынан екі центнерге жуық мөңке балығы тәркіленді
Фото: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінен

Ақсу тұрғынынан екі центнерге жуық мөңке балығы алынды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Май ауданының тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар барысында Атамекен-Курчатов автожолында Ақсу қаласының 61 жастағы тұрғыны басқарған ВАЗ-2109 маркалы автомашинаны тоқтатты.

«Тексеру кезінде автокөліктің салонында жалпы салмағы 186 келіден  асатын мөңке тұқымды балық салынған төрт қапшық табылды. Ер адамның рұқсат құжаттары болмаған. Сондай-ақ полицейлер Қытай өндірісіндегі төрт желі және резеңке үрлемелі қайық тәркіледі. Балықтар Саты ауылдық округінің Айнакөл көлінен ауланғаны анықталды», – дейді Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев. 

Полицейлер су биоресурстары мен балық шаруашылығы маңызы бар су объектілерін қорғау және сақтау саласындағы заңды бұзбау керектігін ескертеді. Бұл бұзушылық қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке әкеп соғады. 

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары