Өрт сөндірушілер 25 адамды құтқарды
Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 25 адамды құтқарып, эвуакациялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«21 қыркүйек күні сағат 14:09-да Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 101 пультіне хабарлама түсті», - деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында автосаты көмегімен 13 адамның, оның ішінде 4 баланың өмірі құтқарылды.
Баспалдақ маршы арқылы 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала. Өрт сағат 14:16-де жойылды.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ