Қарақшылық шабуылға қатысқан 47 жастағы қала тұрғыны анықталды
Астанада дүкен тонау әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға супермаркет өкілі белгісіз ер адам қымбат алкогольдік сусынды ашық түрде ұрлап кетпек болғанын айтып арызданған.
Қарақшылық шабуылға қатысқан 47 жастағы қала тұрғыны анықталды.
«Ер адам күндіз Петров көшесіндегі супермаркетте сатып алушы атын жамылып, тауар қараған сыңай танытқан. Ол сатушының залда жоқтығын пайдаланып, құны 16 мың теңгеден асатын бір бөтелке Dewars вискиін сөмкеге салып, сыртқа шығуға бет алғанда оның әрекетін байқаған кассир артынан жүгіріп барып, тоқтатпақ болған. Алайда ер адам ұрланған заттарды лақтырып, қашып кеткені белгілі болған», - делінген хабарламада.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.