Қарағандыда колледж аумағында төбелес болып, 19 жастағы жігіт пышақ жарақатын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 21 қыркүйекте Қарағандыдағы экономика, бизнес және құқық колледжі аумағында жастар арасында төбелес болып, 19 жастағы жігіт пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті eKaraganda порталына сілтеме жасап.

Аталған оқиғаға қатысты ақпаратты Қарағанды облысының полиция департаменті растап, түсініктеме берді.

«Кенеттен туындаған жанжал кезінде жастардың бірі 19 жастағы қарсыласына пышақ жарақатын салды. 17 жастағы күдікті ұсталды. Жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде»,-деп түсіндірді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.