Ақтөбеде әйел адам асылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өлер алдында қоштасу хатын жазып қалдырған

Ақтөбеде 33 жастағы әйел адам өзіне қол жұмсады деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«28 наурызда таңертең «Волга» гараж кооперативі аумағында 33 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол асылып қалған. Сот-медициналық сараптама оның денесінен зорлықтың белгілерін тапқан жоқ. Марқұм суицид жасардың алдында өзінің Facebook-парақшасында қоштасу хатын жазып қалдырған», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.