Петропавлда ер адам жасқа толмаған сәбиін терезеден лақтырмақ болған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Бейнеден кадр

Петропавлда 23 жастағы ер адам әлі жасқа талмаған нәрестесін терезеден лақтырмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласының ПБ Маяковского, 93 мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-ші қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады. Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді», - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді.

2023 жылы туған қыз бала алдын ала мәлімет бойынша зардап шекпеді. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.

Ұсталған азамат СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны, масаң күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал болған. Ер адам ортақ кішкентай нәрестелерін терезеден лақтырамын деп қорқытқан.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.