Қазір оның жағдайы жақсы, ата-анасының жанында
Астанада 20-шы қабаттың терезесінде ілініп тұрған 10 жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды. 10 жастағы жасөспірім терезенің жақтауынан ұстап, аман қалды. Тұрғындар байқап, бірден хабар берген. Содан кешеннің күзетшісі шапшаң қимылдап, пәтерге кіріп баланы құтқарды.
«Қазір оның жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында», - делінген ПД хабарламасында.