Күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды
15 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы ломбардтарының біріне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған күні кешке ломбард ғимаратына медициналық бетперде мен күн көзілдірігін киген белгісіз адам кіріп, тапаншаға ұқсас затпен кассадан 1 млн теңге сомасында ақша қаражатын ашық ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен.
«Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.