Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте болған
Ақтау қаласының маңында жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты, сондай-ақ 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 17 қыркүйекте болған.
«Сағат 21:58-де «102» кезекші пунктіне Ақтау қаласының іргесіндегі өндірістік аймақ аумағында жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі Ақтаудан Мұнайлы ауданына қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ 21150 көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21150 көлігіндегі жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады полиция.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейiнгi тергеп-тексерудiң бiрыңғай тiзiлiмiне тiркелдi.
«Тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - дедлінген хабарламада.