Екібастұзда ер адам төртінші қабаттан құлап, мерт болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Оқыс жағдай Солнечный кентінде болған 

видеодан скриншот

Екібастұзда ер адам төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Оқыс жағдай Солнечный кентінде Жасыл өткел, 11 мекенжайында болған. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгін, 18 қыркүйек күні сағат 06:44-те 54 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғанын хабарлады.