Ол жұмысқа орналасу кезінде жалған құжатты пайдаланған
Екібастұзда медбике жалған дипломмен жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі берген «емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломын ұсынған.
"Біз Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабы – «құжаттарды қолдан жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық. Сараптама тағайындалды", – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері полицейлер жалған құжаттардың 59 жағдайын тіркеді.