Семейде автобуста әйел адамға тиіспек болған қала тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

35 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото ашық дереккөзден

Семейде автобуста әйел адамға тиіспек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында облыс орталығы тұрғынының өзіне автобуста тиіспек болған ер адамға қатысты жарияланымы анықталды.  Абай облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады. Ол қолға түсіп, Семей қаласының Орталық полиция бөліміне жеткізілген 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.

Ер адам ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.