Алматыдағы жаппай төбелес: полиция түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір аталған іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде жастардың жаппай төбелесінің видеосы тарады. Алматы полицейлері оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео авторының айтуынша, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бірінің көзіне оқ атқан.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушылары мен мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қолға алынды», - делінген департамент хабарламасында.