Ол алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырған
Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 14 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 15 қыркүйек күні сағат 21:30-да биіктіктен құлау туралы хабар келіп түскен.
«Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша жолданды. Фельдшерлер үш минутта жетті»,– деді станциядан.
Оқиға Горький көшесінде орналасқан он қабатты үйде болған.