Әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр
Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция мәліметінше, Шымкент қаласының 1983 жылы туған тұрғыны Корчиева Феруза Рустемовнаға іздеу жарияланды.
«Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгені қолды еткен. Ол жәбірленушіге «банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін» деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан», - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4- бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр.
«Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен», - делінген хабарламада.
Суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.