Оралда жетімдер жатақхананы өртеп, шатырдан секіреміз деп қорқытқан

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар жатақханадағы жөндеу жұмыстары аяқталғанша өздеріне жайлы баспана беруді талап етіп отыр

видеодан скриншот

Орал қаласында "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде тұратын балалар үйінің түлектері жатақхананы өртеп, шатырдан секіреміз деп қорқытты. Тұрғындар оларға жайлы баспана беруді талап етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Билік ғимаратты жөндейміз деп шешім қабылдады. Бұл жақсы жаңалық болғанымен жатақхана тұрғындарын алаңдатқан. Заң бойынша "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде балалар үйінің түлектері 23 жасқа дейін ғана тұра алады. Бірақ мұнда тұрып жатқандардың жасы 40-тан асқан, отбасы, балалары бар. Олар қазір жөндеу жұмыстарына байланысты осы жерден шығарылып, қайта кіре алмай қаламыз деп алаңдап отыр. 

“Олар бізді тіпті розеткалар жоқ жерге қуып жібергісі келеді. Кір жуғыш машина да жоқ. Біз көппіз, олар бізді кішкентай бөлмелерге жібергісі  келеді”, - деді наразылардың бірі Алена Аверинская.

Орал әкімі Миржан Сатқанов жатақхана тұрғындарымен келісуге тырысты. 

“Бәріне өте ыңғайлы ету өте қиын. Біз олар үшін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Меніңше, аздап шыдамдылық таныту қажет. Айталық, онда ештеңе жоқ дейді, бұл олай емес. Дәретхана, душ бар. Розетка біреу ғана болуы мүмкін, бірақ менің ойымша, ұзартқыш сыммен бұл мәселе шешіледі. Сондықтан олар үшін қажет нәрсенің бәрін біз қамтамасыз етеміз",- деді әкім. 

Қала әкімі жатақхананың барлық тұрғындарына жөндеуден кейін оларды көшеде қалдырмауға және "Шаңыраққа" оралуға мүмкіндік беретін жазбаша келісім беруге уәде еткен.