Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Іздеу жұмыстарына полицейлер, ТЖД қызметкерлері және Ұлттық ұланның 80 сарбазы жұмылдырылды

Атырауда 10 қыркүйек күні 36 жастағы ер адам достарымен бірге балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды Azattyq ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.

«Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса 102 операторына хабарлауыңызды сұрайды», - делінген құзырлы органның хабарламасында.